• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Сенат 02 Ақпан, 2024

Келешекке құйылған инвестиция – сенатор

189 рет
көрсетілді

Ұлттық қордан 18 жасқа дейінгі әр баланың жеке есепшотына қаңтар айында  аударылған қаражат 1 ақпаннан бастап түсті. Сенат депутаты Ақмарал Әлназарова балаға жасалған қамқорлық – ұлттың қалыптасуына жасалған қадам екенін айтады.

«Өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев,  «әлеуметтік мемлекет ретінде елімізде халықтың әлеуетін арттыруға басымдық беріп, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға арналған қаражатты есептеу, төлеу және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойған болатын.

Қабылданған заңға сәйкес, 1 ақпаннан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балалардың арнайы жинақтау шотына аударыла бастады. 

Сенатор ретінде, елмен етене байланыстамыз. Таңертеңнен бері,  ел азаматтары  әсіресе, шалғайдағы әрбір отбасының мүшелері  осы өзгерістерді жылы қабылдап жатқанын естіп отырмыз. Болашаққа деген сенімдері артқан.

Жасыратыны жоқ, қазіргі қоғам – еліміздегі әрбір өзгерісті сол мезетте сезінеді. Қазір билік пен әлеумет арасында шекара жоқ.   Соның бір айғағындай, бүгін Сенат Төрағасы Мәулен  Әшімбаев «Ұлттық қор – балаларға» жобасының мақсаттары туралы  журналистердің сұрақтарына жауап бергенде  мемлекет бүгінгі жас жеткеншектің ертеңіне керек  инвестициясынының негізін қалыптастырғандығын айтты», деді А.Әлназарова.