Кеше әлеуметтік желіде Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде белгісіз ер адамның екі баланы соққыға жыққан видеосы тарады. Оқиғаға қатысты қалалық полиция департаменті түсінік берді, деп жазады Egemen.kz.
Видеодан ер адамның бір баланы соққыға жығып, екіншісін қылғындырғанын байқауға болады. Желі қолданушылары оқиға «Эдем палас-2» тұрғын үй кешенінде болғанын жазды.
Ал полиция бұзақының қолға түскенін хабарлады.
«Байқоңыр аудандық полиция басқармасы «Эдем палас-2» тұрғын үйінің 30 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Бұзақылық бабымен қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», делінген полиция мәлімдемесінде.