• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Ақпан, 2024

Сарапшылар Кабирханды 20 миллион долларға бағалады

403 рет
көрсетілді

31 қаңтарда Алматы қаласы ипподромында «Кабирхан – Қазақстаннан шыққан Чемпион» атты баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz baige.federation инстаграм арнасына сілтеме жасап.  

Иесінің айтуынша Кабирханның елге мәлім жеңісінің арқасында, Дубайда өтетін Әлем кубогіне жолдама алған. Финал 30 наурызда өтеді.

«Мейдан ипподромына әлемнің түкпір-түкпірінен, ең мықты деген сәйгүліктер, шабандоздар мен бапкерлер жиналады. Кабирханды екі апта тынықтырамыз, одан кейін жақсылап дайындалуға кірісеміз», дейді жүйріктің иесі Тілек Мұханбетқалиев. «Иесі өз сәйгүлігін, Дубайдағы жеңісінен кейін, 1 миллион долларға сатудан бас тартты. Сарапшылар оны енді 20 миллион доллар тұрады деп, бағалап отыр», деп жазды baige.federation инстаграм арнасы.