• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 05 Ақпан, 2024

«Солтүстікте қар жауса, оңтүстікте жаңбыр жауады». Алдағы үш күнге арналған болжам

553 рет
көрсетілді

Синоптиктер ақпан айының 6-8 күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Болжам бойынша, ауа райының тұрақсыз сипаты әлі де сақталады. 

Солтүстік-батыс циклонының әсерінен еліміздің басым бөлігінде қатты жауын-шашын күтіледі. Солтүстік өңірлерде қар жауса, оңтүстік аймақта қар аралас жаңбыр жауады. Сондай-ақ бұрқасын жел күшейіп, көктайғақ пен тұман түсетіні болжанып отыр.

Мамандар температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болмайтынын да қоса хабарлады.