• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Ақпан, 2024

«Алтын Орда» базарының экс-директорына қатысты сот үкім шықты

241 рет
көрсетілді

Алматы облысындағы «Алтын Орда» базарының бұрынғы атқарушы директорына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Бұл туралы Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Оған 296-баптың 4-бөлігі «Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау» бойынша айып тағылды.

Өткен жазда Алматы-Бішкек тас жолында айыпталушыдан жеке тінту кезінде ұнтақты заты бар пакет тәркіленді. Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, бұл зат салмағы 1,796 грамм болатын психотроптық зат «мефедрон» екені анықталды. 

Прокурор сотталушыны кінәлі деп тауып, 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушы өз кінәсін мойындамай, айғақ беруден бас тартты.

«Сот үкімімен Марқабаевқа ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Ермек Марқабаев 2023 жылдың маусым айында Алтын Ордаға жақын көшеде ұсталған еді. Тінту кезінде одан ұнтақ пен тапанша табылғаны хабарланды.

2023 жылдың желтоқсанында «Алтын Орда» базарының тағы бір иесі Данияр Әлпиев те қамауға алынды. Ол алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.