Мемлекет басшысына «Amanat» партиясының атынан Премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Парламент Мәжілісінің және «Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Премьер-Министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды.Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың фракцияларымен жуық арада талқылайды», делінген Ақорда таратқан хабарламада.