Бұл қызметті Айбек Дәдебаев атқаратын болды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Айбек Арқабайұлы Дәдебаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», делінген ресми хабарламада.
Айбек Дәдебаев 1980 жылы 1 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген.
2001-2002 жылдары Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің халықаралық туризм менеджменті кафедрасында оқытушы болған.
2008-2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының парламентаралық байланыс және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің сарапшысы, Сенат төрағасының көмекшісі міндетін атқарушы болып жұмыс істеді.
2011-2013 жылдар аралығында атташе, Женевада Қазақстан Республикасының БҰҰ-дағы тұрақты өкілдігінің үшінші хатшысы болған.
Одан кейін алты жыл Парламент Сенаты төрағасы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі лауазымдарын атқарған.
2019-2021 жылдар аралығында Президент Кеңсесі бастығының орынбасары болды.
2021 жылғы 28 мамырдан бастап 2022 жылғы 11 қаңтарға дейін Президент Іс Басқарушысының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.
2022 жылғы қарашадан бастап ҚР Президентінің Іс Басқарушысы қызметін атқарды.