• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Тағайындау 06 Ақпан, 2024

Саясат Нұрбек Ғылым және жоғары білім министрі лауазымында қалды

115 рет
көрсетілді

Саясат Нұрбек Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына қайта тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Саясат Нұрбек Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалды», делінген Ақорда хабарламасында.

Саясат Нұрбек 1981 жылы Семей қаласында туған. 

Маршаллтаун колледжін (АҚШ), Л.Н. Гумилев Еуразия ұлттық университетін, La Sapienza (Италия) университетін бітірді. АҚШ, Сингапур, Бельгия, Жапония, Голландияда тағылымдамадан және біліктілікті арттыру курстарынан өтті. 

2002-2004 жылдары Қазақстанның жастар саясатын іске асыруға қатысты. 

2006-2009 жылдары «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ инвестициялық жобалар саласында жұмыс істеді, ҚР Президенті Әкімшілігінің Кадр саясаты секторының меңгерушісі, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының халықаралық ынтымақтастық және ғылым жөніндегі вице-ректоры, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ департамент директоры, кадр саясаты және басқару жөніндегі атқарушы директор болып қызмет атқарды. 

2009 жылы – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің директоры. 

2010-2013 жылдары – ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті. 

2013-2015 жылдары – «Нұр Отан» партиясының Қоғамдық саясат институтының директоры. 

2015-2016 жылдары Алматы қаласы әкімдігі ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы. 

2016 жыл – «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушы директоры, басқарма мүшесі. 

2019-2022 жылдары – BTS Education компаниясының басшысы, Қазақстанның жаңа мамандықтар атласы жобасының жетекшісі, National Geographic Kazakhstan ізгі елшіcі, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі. 

2022 жылдың ақпан айынан бастап – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Президент Қ. Тоқаевтың 2022 жылғы 11 маусымдағы Жарлығымен ҚР Ғылым және жоғары білім министрі болып тағайындалды.

2023 жылғы 4 сәуірде ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі болып қайта тағайындалды.

2024 жылғы 6 ақпанда Жарлығымен Саясат Нұрбек Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі болып тағайындалды.