Биыл Астана қаласында ұйымдастырылатын V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының спорттық сайыстары ресми түрде бекітілді. Туризм және спорт министрлігі аталған халықаралық жарыста спорттың 20 түрінен сайыстар өтетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Нақты атағанда, асық ату, ордо, арқан тартыс, бәйге, көкпар, аударыспақ, теңге ілу, қазақ күресі, алыш, кураш, ашыртмалы аба гюреши, ссирым, мас-рестлинг, Powerfull nomad (күштілердің сайысы), тоғызқұмалақ, мангала, овари, дәстүрлі садақ ату, жамбы ату, құсбегілік бойынша додалар өтпек.
Сондай-ақ 10 көрнекі спорт сайысынан жарыстар өткізу жоспарға алынған.
Салтанатты ашылу рәсімі «Астана Арена» стадионында өтеді.
Еске салсақ, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қыркүйек айының 8-14 күндері аралығында өтеді деп жоспарланған.