Әлеуметтік желіде тасжолда төбелескен жүргізушілердің видеосы тарап кетті. Видеода ашулы жүргізушінің машинаның ішіне ентелей кіріп екінші жүргізушіні ұрып-соққанын көруге болады. Төбелес тасжолдың ортасында болған, деп жазады Egemen.kz.
Жедел іздестіру нәтижесінде полицейлер төбелескен азаматтарды тапты.
«Алматы облысының 36 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын зерттеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін сараптама тағайындалып, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», деді облыстық полиция басшысы Бауыржан Әленов.
Оқиғаны Қарасай аудандық полицейлері бұзақылық дерегі бойынша тіркеді.