• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 07 Ақпан, 2024

Сенаторлар жастар саясатын іске асыру мәселесін талқылады

126 рет
көрсетілді

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары «Астана жастары» жастар ресурстық орталығында болды. Еліміздегі жастар саясатының өзекті мәселелері талқылаудың негізгі тақырыбы болды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жастарды жүйелі және жан-жақты қолдау мәселесінде бірқатар проблема бар. Жұмыссыздық, жастардың бейресми жұмыс істеуі және уақытша жұмыс орындары солардың қатарына жатады. Өкінішке қарай, біздің қолымызда бұл туралы нақты деректер жоқ. Жалпы осы мәселелердің бәрін жан-жақты қарастырып, маңызды ұсыныстар әзірлеу қажет», деді сенатор Нұртөре Жүсіп кездесу барысында.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілі осыған байланысты жастардың әлеуметтік және жеке дамуына ықпал ететін, жастар ұйымдарының қызметін қолдайтын, сондай-ақ ақпараттық және консультациялық қызметтер көрсететін Жастар ресурстық орталықтарының қызметі туралы айтып берді. Еліміздің барлық өңірлерінде осындай 232 орталық желісі жұмыс істейді, оның ішінде 16 облыстық, 37 қалалық, 179 аудандық орталық бар.

Отырысқа еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, ғылым және жоғары білім, туризм және спорт министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ денсаулық сақтау және жастар саясаты саласындағы сарапшылар қатысты.

Бұл кездесу «Демографиялық өсу – ұлттың бәсекелестік артықшылықтарының негізі» тақырыбына арналған Үкіметтік сағатқа дайындық аясында ұйымдастырылды.