Париж Олимпиадасының ұйымдастыру комитеті ойындардың жүлделерін (медальдарын) ресми түрде таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Kazsporttv баспасөз қызметінің мәлім етуінше, Париж қаласында өтетін Олимпиада жүлделерінің ерекше тұсы – әрбір медальға Эйфель мұнарасының бөлігі қосылған.
Пішіні алтыбұрышты бөліктің ортасына Жазғы Олимпиада ойындарының логотипі бедерленген. Бөліктің алтыбұрыш болу себебі Франция картасы алтыбұрыш және бейресми түрде бұл елді гексагон деп атайды (латынша, гекса - алты).
Париж Жазғы Олимпиадасы 26 шілде - 11 тамыз аралығында өтіп, спорттың 32 түрінен 329 жүлделер жиынтығы сарапқа салынады.
Әзірге Қазақстан құрамасында спорттың 11 түрі бойынша 19 олимпиадалық жолдама бар.