• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Жемқорлық 08 Ақпан, 2024

Мұғалімдердің ставкасы 1-1,5 млн теңге: Депутат Шымкент пен Қызылордадағы жемқорлық туралы айтты

317 рет
көрсетілді

Мәжілісте әлеуметтік саладағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылау кезінде депутат Дәулет Мұқаев елдегі сыбайлас жемқорлық мәселесін көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның пайымынша, қазіргі таңда жемқорлығы жоқ сала кемде кем. Бала дүниеге келгеннен бастап, қайтыс болғанға дейін сыбайластыққа кезігеді.

- Мысалы, Алматыда өле қалатын болса, таудың, Кеңсайдың маңайынан жер іздейді. Бала дүниеге келсе, жақсы дәрігер, перзентхана іздейді. Бала әр кезеңде балабақша, мектеп, университетке барады. Одан кейін үйленіп, отбасы болғанда, үй керек. Үйдің кезегі келеді. Осылардың барлығынан бөлек, жұмысқа орналасу керек. Әсіресе маған Қызылорда мен Шымкенттен хат көп келеді. Жай ғана еден жуушы болып орналасу үшін 500 мың теңге сұрайды. Мұғалімдердің ставкасы 1-1,5 млн теңге болып кеткен. Осындай хаттар келгенде, Антикорға хабарласыңыз деп 1424 нөмірін беремін»,– деді Дәулет Мұқаев.

Депутат осы желінің жұмысындағы алгоритмі қандай екенін сұрады.

- Жемқорларға қатысты хабар бергендерге сыйақы беріледі. Осы жайлы да айтып беріңізші. Жемқорлықпен халық болып күресейік, - деді Мұқаев Антикор өкілі Саян Ахметжановқа.

- 1424 желісі тәулік бойы істейді. Тікелей қылмыстар мен тәуекелдерге байланысты хабарламалар да осыған кіреді. Әр қалада департаментте күнделікті қабылдау жүргізіліп жатыр, - деді Саян Ахметжанов.