Бір тәуліктің ішінде Үкіметтің жаңа мүшелері қайта тағайындалды. 19 министрдің ішінде 4 жаңа тұлға бар. Кешеден бері әлеуметтік желіде экс-премьер Әлихан Смайыловқа көп сын айтылды. Менің пікірім басқаша.
Естеріңізге сала кетейін, экс-премьер Әлихан Смайыловтың алдына экономика мен саясатта тепе-теңдікті сақтау міндеті қойылған еді. Ол мұны өте жақсы шеше білді. Оның Үкіметі ел экономикасын геосаяси тепе-теңдікте ұстап, оның көпвекторлы сипатын қалыптастырды. Бұл фактілер Үкімет басшысының саяси және басқарушылық қабілетінің мықты екенін көрсетеді. Геосаяси турбуленттілік жағдайында тұрақтылықты сақтау қазірдің өзінде үлкен жетістік деп есептеймін.
Сондықтан Смайыловтың премьерлігі тұсында бәрі жаман болған жоқ.
Геосаяси тұрақсыздық жағдайында Президент сайлауы өтті. Әрбір сайлау саяси елдің тәуекелі саналады. Ал бұл сайлаудан кейін елде саяси тұрақтылық сақталды. Мұның бәрі – осы тұста Үкіметті басқарған тұлға үшін үлкен жетістік.
Бірақ қазір елдің алдында басқа міндеттер тұр. Енді Үкімет мүшелері арасында тәртіп, жүктелген міндеттерді мүлтіксіз орындау, кристалдық бедел маңызды. Шындығында, жаңа сын-қатерлер Қазақстанға экономика мен әлеуметтік саясатта қатаң шешімдер қабылдауды талап етеді. Ал бұл капиталды қайтару мен сыбайлас жемқорлықпен күресте Үкімет басшысының мінезіне, табандылығына назар аударылады. Ол экономикалық мәселелерді шешуге ерекше назар аудару үшін құзыретін күшейту керек. Маңызды экономикалық шешімдер саяси ерікті талап етеді.
Мұндай нақты жағдайларда мемлекеттер дамуында жүктелген міндеттерді шешудің жиі қолданылатын тәжірибесі қауіпсіздік күштеріне өкілеттіктерді беру болып есептеледі.
Біздің көріп тұрғанымыз осы. Үкіметтің жаңа басшысы қауіпсіздік органының қызметкері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасының бұрынғы басшысы. Сондай-ақ Президент Әкімшілігінің басшысы, Президент Әкімшілігі реформасы бойынша штабынан да тәжірибе алды. Сондықтан Бектеновтің тағайындалуы, осы тұрғыдан алғанда қисынды. Реформалар штабының басшысы Үкіметті эволюциялық жолмен басқаратынына сенемін.
Естеріңізге сала кетейін, қазір экономиканы дамытуға қаражаттың орасан тапшылығы жағдайында Үкіметтің міндеті – ел бюджетін толықтыру. Сондықтан активтерді қалпына келтіруді 2024-2025 жылдардағы №1 тапсырма болмақ.
Олжас Бектеновтің премьерлігі тұсында басымдық – шеттегі қазақ автивтерін елге қайтару. Заңсыз алынған активтерді қайтару жөніндегі комиссияның жұмысы оған жақсы таныс.
Бұл комиссия астрономиялық 220 триллион теңгенің банк операцияларын зерттеп жатқаны туралы айтылды. Бірақ баспасөзде осы мәліметке тиісті деңгейде мән берілмеді. Доллармен есептесек, бұл Қазақстанның ІЖӨ-нен 2 есе көп – 489 миллиард доллар.
Енді байлығының заңдылығы мен әділдігін дәлелдеуді қажет ететін олигархтардың құпия тізімі жаңа тұлғалармен толықты деген ақпарат естідім. Бұл тізім алдағы уақытта толыға береді. Біз алда 30 жыл бойы заңды билеп келген олигархиялық топтың оң жамбасына келе бермейтін шешімдердің қабылданатынына куә боламыз.
Қаржы-экономикалық блоктің толығымен өзгергенін де айту керек. ҰЭМ және Қаржы министрлігі – барлық негізгі экономикалық және фискалдық саясатты анықтайтын негізгі ведомстволар. Ал енді басты проблемалар – бюджет тапшылығы, Ұлттық қордан қосымша қаражат алу мен мемлекеттік қарыздың ұлғаюына әкеліп соқтырған шығыстар екені бәрімізге белгілі.
Қазақстанның мемлекеттік қарызы қазірдің өзінде алтын-валюта резервтерінен де, Ұлттық қор активтерінен де асып түскені, мемлекеттің таза активтері (активтер минус пассивтер) кейінгі онжылдықтағы ең төменгі мәндерге дейін төмендегені тек тәуелсіз сарапшыларға ғана мәлім. Сондықтан ескі Қазақстаннан капиталды шығарумен қатар, әлі де экономикалық саясатты шындап өзгертуге тырысу ниеті бар сияқты.
Осы өзгерістердің барлығы алдағы екі жылда Қазақстанның саясаты бұрынғы олигополияның активтерін қайтару арқылы экономиканы жақсарту және бюджетті толықтырудың көзі ретінде қабылданады. Бізді үміттендіріп отырған фактор – осы.
Тоғжан ҚОЖАЛИЕВА,
Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия мүшесі
АЛМАТЫ