• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 09 Ақпан, 2024

Дәрі-дәрмек өндірісі артады

82 рет
көрсетілді

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңесте отандық дәрі-дәрмек және вакцинамен қамту мәселелері талқыланды.

Жиынға Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің, «QazBioPharm» ұлттық холдингінің өкілдері қатысты. Биыл Денсаулық сақтау министрлігі «QazVac» вакцинасының 50 мың дозасына тапсырыс беруді көздеп отыр.

«QazBioPharm» ветеринарлық бағыттағы препараттарды да шығарады. Оны өндіру көлемі артпақ – Ауыл шаруашылығы ми­нистрлігі ұлттық холдингтен ветеринарлық дәрі-дәрмектер мен диагностикумдардың 25,8 млн дозасын алуды жоспарлап отыр.

Өз кезегінде «QazBioPharm» басшысы Ерғали Әбдірайымов мемлекеттік органдармен аталған өнімді өндіруге және жеткізуге ұзақмерзімді келісімшарттарды бекітуге ниет білдірді. Аталған мәселе тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе қарас­тырылатын болады.

«Отандық өндірушіні қолдау шара­ларының маңызы зор. Алайда ұсы­нылатын препараттар сапасына баса мән берілгені жөн. Ол үшін «QazBioPharm» ұлттық холдингі басшылығы тікелей жауапты. Дәрі-дәрмектерді өндіру және жеткізу мерзімі бойынша бекітілген кестені қатаң сақтау қажет», деп атап өтті Тамара Дүйсенова.