• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 09 Ақпан, 2024

«Туыстарына аударған». Мектеп есепшісі 90 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді

7539 рет
көрсетілді

Алматы облысының прокуратурасы Талғар ауданындағы мектептердің бірінде есепшінің жалақыға арналған бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықтады, деп жазады Egemen.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Құқық бұзушылық мектепте жұмыс істемейтін қызметкерлері мен олардың туыстарына ақша аудару арқылы жасалған. Алдын ала келтірілген шығын 90 млн теңгеден асады және шығынды есептеу жалғасып жатыр.

Аталған факті бойынша облыс прокуратурасы Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодекстің 189 бабы 2-бөлігі 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) тергеу бойынша Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу басқармасына жолданды», делінген ақпаратта.

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында бұдан бұрын осындай факт анықталып, мектеп есепшісі тергеу сатысында 10 миллион теңгеден аса шығынды өтеген болатын.