• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 09 Ақпан, 2024

Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қандай спорт түрлері болады?

280 рет
көрсетілді

Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасына енген спорт түрлері бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын спортшылар ұлттық спорттың 20 түрінен сынға түсіп, өзара мықтыны анықтайды.

Сайыс бағдарламасына бәйге, көкпар, асық ату, арқан тарту, аударыспақ сияқты спорт түрлерінен басқа, қырғыз, түрік, корей елдерінің күресі де енген.

Сондай-ақ Батыс Африка елдерінің зияткерлік ойыны "Овари" спорты да бар. Жалпы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында спортшылар тек ұлттық спорт түрлерінен ғана сынға түседі.

Айта кетейк, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 18-24 тамыз күндері, Астанада өтеді.