• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 10 Ақпан, 2024

Странджа кубогі-2024: Қазақтың үш боксшысы жартылай финалға шықты

402 рет
көрсетілді

Болгарияның бас шаһары Софияда өтіп жатқан кіші әлем чемпионаты – Странджа кубогында шаршы алаңға шыққан Қазақстанның 8 боксшысының үшеуі жеңіске жетті, ал бесеуі қарсыластарына есе жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz Бокс федерациясына сілтеме жасап.

Нақты айтқанда, 51 келі салмақта Санжар Тәшкенбай моңғолиялық қарсыласы Ганхуягийн Ган-Эрдэнэні 5:0 көрсеткішімен ұтып, жартылай финалға жол ашты.

67 келідегі Дулат Бекбауов Украинадан келген Данило Лозанды 4:1 есебімен жеңіп, жартылай финалға шықты.

80 келі салмақ бойынша Тұрсынбай Құлахмет украиналық боксшы Матвей Ражбаны (4:1) айқын басымдықпен тізе бүктіріп, жартылай финал шеңберіне өтті.

Ал бес боксшы, Дәулет Молдашев (54 келі), Оразбек Асылқұлов (57 келі), Руслан Күзеубаев (60 келі), Ерасыл Таңқай (63,5 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі) өз салмақтары бойынша қарсыластарынан ұтылып қалды.