Бүгінгі сағат 10:00-дегі ахуалға сәйкес ауа райы қолайсыздығына байланысты 8 облыс аумағындағы республикалық маңызы бар автожолдардың 15 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Уақытша жабылған жолдардың нақты тізімін «ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Абай облысында – 1 учаске: «Алматы-Өскемен» 2-113 км, Семей-РФ шекарасы.
Шығыс Қазақстан облысында – 1 учаске: Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы, 105-123 км, Шемонаиха-РФ шекарасы.
Қарағанды облысында – 1 учаске: Екатеринбург-Алматы, Солтүстік-Шығыс айналма жолы, 0-16 км, Пришахтинск-Новостройка.
Қызылорда облысында – 1 учаске: «Самара-Шымкент» 1802-1240 км, Ақтөбе обл-Қызылорда.
Ұлытау облысында – 1 учаске: «Жезқазған-Петропавл» 137-252 км, Ұлытау-Қостанай облысының шекарасы.
Солтүстік Қазақстан облысында – 2 учаске:
«Екатеринбург-Алматы», 834-856 км, Чистополье-Ақмола облысының шекарасы; «Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское» 116-228 км, Мологвардейское-Рощинское.Қостанай облысында – 3 учаске:
«Жезқазған-Петропавл», 252-335 км, Ұлытау обл-Арқалық; «Қарабұтақ-Комсомол-Денисовка-Рудный-Қарабұтақ», 234-386 км, Ақтөбе обл-Денисовка; «Қарабұтақ-Комсомол-Денисовка-Рудный-Қарабұтақ», 386-503 км, Денисовка-Рудный.Ақтөбе облысында – 5 учаске
«Самара-Шымкент» 773-855 км, Бекқұл Баба к.-Хромтау к. – 82 км; «Қарабұтақ-Комсомол-Денисовка-Рудный-Қостанай» 0-234 км, Қарабұтақ-Қостанай облысы; «Самара-Шымкент» 965-1240 км, Қарабұтақ-Қызылорда обл.шекарасы; «Самара-Шымкент» 855-965 км, Хромтау-Қарабұтақ; «Ақтөбе-РФ шек.» 39-136 км Шәмші Қалдаяқов-РФ шекарасы.Автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 404 бірлік техника және 620 жолшы жұмылдырылған.