Аталған лауазымдық тағайындау туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
«Мемлекет басшысының өкімімен Роман Алмаханұлы Төреханов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды», деп жазылған хабарламада.