"Бармысың, бауырым!" бағдарламасының редакторы, журналис Қымбат Досжан қазіргі таңда полицейлер перзентхана қызметкерлерімен жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Белгілі тележүргізуші бельгиялықтар асырап алған қазақ баласы Жәнібектің ісі қалай өрбіп жатқанын мәлімдеді.
Оның сөзіне қарағанда, қазір полицейлер перзентхана қызметкерлерімен жұмыс істеп жатыр.
«Арқалық қалалық Полиция басқармасы перзентхана мен балалар үйі қызметкерлерімен жұмыс істеп жатыр», - деп жазды ол.
22 жастағы Эдди Жанға дүниеге келгенде Жәнібек деген есім берілген. Алайда қазір Эдди Жан өзін Мұрат деп атап жүр.