• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Ақпан, 2024

Қылмыстық топ жүргізуші куәлігін заңсыз берумен айналысқан – полиция

218 рет
көрсетілді

Жамбыл облысында полицейлер еліміздің оңтүстік өңірлері, атап айтқанда Жамбыл, Түркістан облыстары, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындарынан  құралған қылмыстық топтың заңсыз  қызметін   тоқтатты, деп  жазады Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Олар тиісті оқыту сабақтарын және көлік басқаруын тәжірибе жүзінде тексерместен, ақшалай сыйақы үшін жүргізуші куәліктерін заңсыз берумен ұзақ уақыт бойы айналысқан. Қылмыстық схемаға ХҚКО қызметкерлері және жоғарыда аталған өңірлерден жүргізуші куәлігін алғысы келетін клиенттерді іздеумен айналысқан «көмекшілер»  кірген. Құжаттар Тараз қаласының халыққа қызмет көрсету орталықтарында рәсімделіп, берілген. Осы жылы 12 ақпанда жоғарыда аталған өңірлерде күдіктілердің жұмыс орындары мен тұрғылықты жерлері бойынша ұстау және тергеу іс-шаралары жүргізілді. Оның ішінде халыққа қызмет көрсету орталықтарының басшылары мен лауазымды адамдары ұсталды», делінген ақпаратта.

Тергеу әрекеті жүргізіліп,  жүргізуші куәлігін заңсыз берудің 35 дерегі анықталған.  Қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар және оны  жүзеге асырушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды.