• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Оқиға 12 Ақпан, 2024

Маңғыстауда жоғалған екі адам үш күннен соң табылды

730 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысында үш күннен бері хабар-ошарсыз кеткендер табылды. Туыстары жоғалған адамдардың 9 ақпаннан бастап байланысқа шықпағанын айтқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Massaget.kz сайтының хабарлауынша, 12 ақпанда сағат 11.00-де Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында ТЖД, ПД және жергілікті атқарушы органдардың іздестіру-құтқару тобы 9 ақпанда Ақтөбе облысының Шалқар ауданы арқылы Қызылорда облысына автокөлікпен жол жүрген 2 адамды іздестірген. Бүгін, сағат 13:20-да жоғалған адамдар байланысқа шықты.

Жоғалғандардың айтуына қарағанда, көліктері балшыққа батып, тақау маңайдағы бекетке өз беттерінше жеткен. Олар медициналық көмекке жүгінбегендерін қоса айтты.