Дмитрий Малахов Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», делінген хабарламада.