• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Ақпан, 2024

Мемлекеттік сатып алудың күші жойылды – прокуратура

612 рет
көрсетілді

Павлодар облысының Мемлекеттік сатып алу басқармасы Баянауыл ауданының Жаңатілек ауылында 1 млрд теңге сомасына гидромелиоративтік жүйені қайта жаңарту бойынша жұмыстар жүргізуге хабарландыру жариялады, деп жазады Egemen.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

«Осыған ұқсас осы ауданның Қаныш Сәтбаев ауылында гидромелиоративтік жүйені қайта жаңартуға 1,2 млрд  теңге көлемінде бюджет қаражаты бөлінді. Екі жағдайда да жобалау-сметалық құжаттамада дамбаны қайта жаңарту көзделген. Осы жұмысты жүргізуге қойылатын біліктілік талаптарында мемлекеттік лицензиясыз, яғни тиісті білімі мен жұмыс тәжірибесі жоқ шаруашылық жүргізуші субъектілер жіберілген, алайда бұндайға жол берілмейді.

Қадағалау актісі бойынша жарияланған конкурстың қорытындысы шығарылғанға дейін күші жойылды, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды. Павлодар облысының прокуратурасы жыл басынан 4,4 млрд теңгеге 25 мемлекеттік сатып алудың күшін жойды.

Қазіргі уақытта прокуратура 2024 жылға арналған бюджеттік жоспарлау сатысында шаралар қабылдауда. Мысалы, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бюджеттік өтінімінде Аққулы ауданындағы Тосағаш және Майқарағай ауылдарында 25 млн теңге сомасына балалар алаңдарын жайластыру жоспарланған.

Осы өтінімдерді зерделеу екі ауылдық округте бірдей ойын кешендеріне 50%-ға жуық қымбаттатылған түрлі баға ұсыныстарын қолданғанын көрсетті», делінген ақпаратта. Павлодар облысының прокуратурасы осы факт бойынша тиісті шара қабылданғанын мәлім етті.