БАӘ-нің бас қаласы Дубайда пара жеңіл атлетикадан «Fazza» әлемдік Гран-при жарысының алғашқы күнінде Қазақстан спортшылары 2 күміс пен 1 қола медаль иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ядро итеруден Дастан Мұқашбеков және 200 метрге жүгіруден Әлия Раева күміс медаль еншілесе, найза лақтырудан Руфат Хабибуллин қола жүлдеге қол жеткізді. Айта кетсек, бұл жарысқа 68 елдің 524 спортшысы қатысып жатыр.