• RUB:
    5.45
  • USD:
    465.52
  • EUR:
    498.2
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Ақпан, 2024

Алматы қаласында 25 ақпан күні жолдар жабылады

899 рет
көрсетілді

Алматыда 25 ақпанда Winter Run 2024 марафоны өтуіне байланысты бірнеше жол жабылады, деп жазады Egemen.kz.

«Алматыда 25 ақпанда Winter Run 2024 қалалық қысқы жарысты өткізуге байланысты әл-Фараби даңғылының солтүстік жағымен Меңдіқұлов бульварынан Esentai Mall-ға дейін 07:50-ден 10:45-ке дейін, 08:30-дан 10:30-ға дейін әл-Фараби даңғылымен Esentai Mall-дан Гагарин даңғылына дейін қозғалыс жабылады», деп хабарлады Алматы қалалық әкімдігі.

Жарыс кезінде әл-Фараби даңғылының оңтүстік бөлігі көлік қозғалысы үшін ашық болады. Балама жол шығыс бағытта Тимирязев көшесі арқылы ұйымдастырылады.

Сонымен қатар әл-Фараби даңғылынан Ганди көшесіне дейінгі Батыс Желтоқсан көшесінің учаскесі сағат 04:00-ден 12:00-ге дейін жабылады.

Әкімдік жарыс күні бірқатар қоғамдық көліктің де қозғалысы сағат 6:00-ден 11:00-ге дейін уақытша өзгертілетінін мәлімдеді.