Тұтынушыға автодиллердің есебінен 7 426 100 теңге қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Маңғыстау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті анықталған зауыттық ақауға байланысты автокөлікті өндірушіге қайтару бойынша сот процесіне қатысты.
- Сот талқылауы барысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімшарт жасақтады, нәтижесінде өндіруші автокөлікті 7 390 000 теңгеге сатып алып, сараптама жүргізу үшін қосымша 36 100 теңге төледі, - делінген хабарламада.