Синоптиктердің болжамынша, Балқаш, Қарағанды, Теміртау, Ақтөбе және Астана қалаларында ауаның ластануы байқалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қолайсыз ауа райы жағдайлары (ҚАЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, аз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚАЖ пайда болған кезде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.
Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық жағдайды болжау (жел, жауын-шашын, ылғал, ауа температурасы).