• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 18 Ақпан, 2024

Қазақстан спортшылары Азия чемпионатының алғашқы күнінде 3 медаль еншіледі

824 рет
көрсетілді

Бүгін Иран астанасы Тегеранда жабық кешендегі жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты басталды. Жерлестеріміз құрлықтық бәсекенің бірінші күні қоржынға 3 медаль салды, деп жазады Egemen.kz Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

60 метр қашықтықтағы кедергілерді еңсеріп, жүгіру сайысында Давид Ефремов алтын алды.Ол финалда белгіленген межені 7. 60 секундта еңсерді.

Иван Иванов ядро ​​лақтырудан 19,08 ұпаймен күміс медаль еншіледі.

1500 метр қашықтықты 4:37,20 уақытта  жүгіріп өткен  Аяна Болатбекқызы қолаға қол жеткізді.