Қазгидромет мәліметі бойынша, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстанның батысында, оңтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында қар жауып, бұрқасын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Республиканың оңтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында, орталықта жел күшейеді, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста тұман түседі.
Жетісу облысында – 30-35 градус, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында – 45 градус өте қатты аяз болады деп күтілуде.
Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында -35-39 градусқа дейін қатты аяз сақталады.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел екпіні 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -33-35, күндіз -23-25 градус аяз.
Алматыда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -21-23 градус, күндіз -12-14 градус аяз.
Шымкентте күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні 8-13, жылдамдығы 15-20 м/с болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде -8-10, күндіз 0-2 градус суық.