• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Спорт 19 Ақпан, 2024

Елизавета Матвеева Азия чемпионы атанды

129 рет
көрсетілді

Иран астанасы Тегеранда өтіп жатқан жабық кешендегі XI Азия чемпионатының 2-жарыс күні аяқталды. Ұлттық құрама қоржынына тағы 3 медаль түсті, деп хабарлайды Egemen.kz Спорт және туризм министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биіктікке секіруде Елизавета Матвеева 1.86 метрді бағындырып, чемпион атанды. Былтырғы Астанадағы бәсекеде бас жүлдені Надежда Дубовицкая жеңіп алған. Елизавета ол кезде 2-орыннан көрінген еді.

Ал 60 метрге жүгіруде Ольга Сафронова (7.35 секунд) мәреге 2-болып жетті. Ол былтыр Астанада өткен Азия чемпионатында осы қашықтықта күміс жүлдегер атанған.

Сондай-ақ үш қарқып секіру сайысында Мария Ефремова (13.48 метр) қола жүлдеге ие болды.

Қазір Қазақстан құрамасында 2 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль бар. Тегерандағы чемпионат 19 ақпанда мәресіне жетеді.