Мажарстанның бас қаласы Будапештте өткен көркем гимнастикадан 28-ші Gracia Fair Cup халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы 4 алтын, 1 күміс, 1 қола иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан спортшылары qaz_olympics мәліметінше қоржынға 4 алтын медаль салды. Жекелей сында Айбота Ертайқызы доппен, лентамен, ұршықпен сайыстар бойынша қарсылас шақ келтірмей, 3 жаттығуда да алтыннан алқа тағып, Эрика Жайлауова шығыршық жаттығуында чемпион атанды. Аталған турнирде бұған дейін көпсайыста А.Ертайқызы күміс (125,2 балл), Э.Жайлауова қола (122,25 ұпай) жеңіп алған.