• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 19 Ақпан, 2024

«Майқайыңалтын» кен орны жұмысын тоқтатты

238 рет
көрсетілді

Бүгіннен, яғни 19 ақпаннан бастап «Майқайыңалтын» кен байыту фабрикасы жұмысын тоқтатты. Бұған қордағы алтын рудасының таусылғаны себеп болды, деп хабарлайды Egemen.kz Qazaqstan.tv-ге сілтеме жасап.

Ал алдағы алты жылға дайындалған 1 млн тоннадан астам шикізат жердің астында жатыр. Әзірге оны шығаруға рұқсат жоқ. Себебі, қаңтардың 3-нен 4-не қараған түнгі апаттан соң, шахталарда жұмыс істеуге тыйым салынған еді. 

«Кеншілер 1,5 айдан бері жаппай еңбек демалысында. Енді оларға фабрика ішіндегі мамандар қосылды. Жұмыссыз қалғандардың жалпы саны – 1100 адам. Олардың ары қарайғы тағдыры не болары осы 1-2 күнде шешіледі», деді кәсіпорынның бас директорының кеңесшісі Орынжан Қабдолов. 

Еске сала кетейік, жыл басында фабрика аумағында топырақтың опырылуынан пайда болған шұңқырға 4 адамы бар автобус құлаған еді. Екі құтқарушының денесі сыртқа шығарылды. Тағы екі адам әлі іздестіріліп жатыр.