Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанса, он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады (2024 жылы 36 920 теңге) немесе бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ішкі істер министрлігі әріптестерімен жұмыс орнында туған күнін немесе қызмет бойынша жоғарылауды атап өткенде дастарханға алкоголь қойса, айыппұл төлейді немесе әкімшілік қамауға алынатынын мәлімдеді.
Қоғамдық орындарда ішімдік ішу әкімшілік құқық бұзушылық болып саналады. Ал жұмыс істейтін ұйымдар мен кәсіпорындардың көпшілігі - қоғамдық орындар.
ІІМ берген ақпаратқа сәйкес, қоғамдық орындарға білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары, кітапханалар мен мұражайлар, мемлекеттік органдардың мекемелері жататынын айтты. Сонымен қатар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-бабына сәйкес, алкогольдік ішімдікті сатуға рұқсат етілген сауда және қоғамдық тамақтану ұйымдарынан басқа жерлерде: көшеде және басқа да қоғамдық орындарда ішсе немесе мас болса, оған бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады (2024 жылы 18 460 теңге).
Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанса, он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады (2024 жылы 36 920 теңге) немесе бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынады.
- Осы бап бойынша әкімшілік іс қозғау үшін жеке немесе заңды тұлғаның өтініші талап етілмейді, – деп нақтылады ІІМ.