Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Инвестициялар тарту жөніндегі кеңестің отырысы өтті.
Сауда және интеграция министрлігі сауда саласындағы инвестицияларды ынталандыруға бағытталған шаралар туралы есеп берді. Оң нәтижелер көрсететін сауда нарықтарын жаңғыртуға ерекше назар аударылып, 2023 жылдың іске асырылып жатқан инвестициялық жобалардың Жалпыұлттық пулы бойынша жұмыс барысы талқыланды. Өткен жылы пул аясында 1,78 трлн теңгеге 298 жоба пайдалануға беріліп, 26,2 мың жұмыс орны құрылды. Инвестициялық пул санын ұлғайтуға және мемлекеттік органдардың іске асыру мерзімдерін өзгертпей жұмыс істеу қажеттігіне ерекше назар аударылды.
Бұдан басқа Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Индустрияландыру картасына жобаларды енгізу рәсімдерін жеңілдету бойынша тәсілдері мақұлданды, денсаулық сақтау, энергетика және жер қойнауын пайдалану саласындағы жекелеген инвестициялық жобалар мәселелерін шешу бойынШа тапсырмалар берілді.
Өңірлік деңгейде Алматы және Атырау облыстары әкімдіктерінің инвестициялар тарту жөніндегі жұмысы қаралды. Өңірлерге жаңа инвестициялар тарту және жоспарланған жобаларды әрі қарай орнықтыру үшін салаларды әртараптандыруды арттыру қажеттігі атап өтілді.