Алматы қаласының өрт сөндіруші қызметкерлері өртеніп жатқан көпқабатты үйден 17 адамды құтқарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 19-нан 20 ақпанға қараған түні мегаполистің Бостандық ауданындағы Өтепова көшесіндегі 13 қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде өрт шыққан. Өрт сөндірушілер 17 азаматты эвакуациялады. Өрт шамамен бір сағатта сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Оқиға орнында 35 адам, 11 техника жұмылдырылып, қалалық төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеді.