• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 20 Ақпан, 2024

Азия чемпионатында Қазақстан спортшылары 12 медаль олжалады

598 рет
көрсетілді

Иранның бас қаласы Тегеранда жеңіл атлетикадан жабық кешендегі XI Азия чемпионаты мәресіне жетті. Қазақстан спортшылары 4 алтын, 2 күміс, 6 қола, барлығы 12 медаль еншіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің мәлім етуінше шешуші жарыс күні эстафетада (4*400 м) еліміздің ерлер (Андрей Соколов, Эльнор Мухитдинов, Ефим Тарасов, Вячеслав Земс) және әйелдер құрамасы (Аделина Земс, Анна Шумило, Мария Шувалова, Кристина Кондрашова) топ жарды. Оның алдында Елизавета Матвеева (биіктікке секіру) мен Давид Ефремов (60 м кедергілер арқылы жүгіру) чемпион атанған болатын.

Күміс жүлдеге қол жеткізгендер: Иван Иванов (ядро лақтыру), Ольга Сафронова (60 м жүгіру);

Қола жүлдегерлер: Аяна Болатбекқызы (1500 м жүгіру), Мария Ефремова (3 қарғып секіру), Ақбаян Мұрмәмет (800 м жүгіру), Алина Чистякова (көпсайыс) Эфим Тарасов (400 метр жүгіру), Максим Фроловский (3000 метрге жүгіру);

Барлығы 29 атлет ел намысын қорғады.

Былтыр жабық кешендегі Азия чемпионаты Астана қаласындағы Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде өткен. Ол кезде Ұлттық құрама 6 алтын, 3 күміс, 3 қола медальмен жалпы есепте 2-орын алған еді.