• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 21 Ақпан, 2024

Будапеште бағы жанды

114 рет
көрсетілді

Мажарстанның астанасы Будапеште көркем гимнастикадан халықаралық турнир өз мәресіне жетті.

Аталған жарыста Қазақстан құрамасы толағай табысқа қол жеткізді. Әсіресе көрер­мендер Айбота Ертайқызының айшықты өнеріне тамсанды. Осыдан екі жыл бұрын дәл осы додада 19 жастағы қазақ қызы түрлі-түсті медальдардың әрқайсысын бір-бірден иеленген еді. Ал оның биылғы нәтижесі одан да керемет болды. Ертайқызы доп, таспа және ұршықпен өнер көрсетуде теңдессіз деп танылып, алтыннан алқа тақты. Командалық әріптесінің жеңісті жолын Эрика Жайлауова жалғастырды. 16 жастағы аса дарынды спортшы «шығыршық» жаттығуында алдына жан салмады. Көпсайыстың қорытындысы бойынша Айбота күміс (125,2 ұпай) және Эрика қола жүлдені (122,25 ұпай) олжалады. Ал Милана Парфилова төртінші орынға табан тіресе, Зере Бақытжанқызы мен Айым Мейіржанова алты мен жетінші сатыларға жайғасты.

Спорттық гимнастшылар да дүбірлі додаларда дараланып жатыр. Күні кеше ғана Мысырдың бас шаһары Каирде өткен әлем кубогінің кезеңдік сайысында «ат» жаттығуы бойынша сынға түскен Зейнолла Ыдырысов қола медальды еншіледі.