• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Ақпан, 2024

Тайландпен шекаралас аймақта 100 ел азаматы құлдықта жүр - СІМ

337 рет
көрсетілді

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияр кейінгі 2 жылда Тайландпен шекаралас елдерде 200 отандасымыз құлдықта болғанын айтты, деп жазады Egemen.kz.

Олардың басым бөлігі еңбек құлдығына жегілген. Бүгінгі күні 28 азамат елшіліктің көмегімен Қазақстанға оралса, 60-қа жуық адам өз бетімен құлдықтан құтылған. 

«Соңғы 2 жылда Тайландпен шекаралас Мьянма және Лаос аумақтарында 200-ге жуық Қазақстан азаматы еңбек құлдығына түскені мәлім болды. Олардың тең жартысының бастары азат етілді. Қазір бізде бар ақпаратқа сәйкес, аталған елдер аумағында 100-ге жуық Қазақстан азаматы құлдықта отыр», деді Айбек Смадияров ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.