• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Құқық 22 Ақпан, 2024

Тіркелудің оңайлатылған тәсілі

58 рет
көрсетілді

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында депутаттар Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге енгізілген өзгерістер туралы заңды талқылады.

Заңның мақсаты – екі ел арасындағы достық қатынастарды одан әрі дамыту, азаматтардың сапарларын реттеу, сондай-ақ бір мемлекет адамдарының екінші мемлекеттің аумағында болуына қолайлы жағдай жасауға құқықтық негіз қалыптастыру. Құжатта тараптар азаматтарының өзге елде болу кезеңі шекарадан өткен сәттен бастап 30 күннен аспаса, онда сол елдің аумағында құзыретті органдарда тіркелмей болудың оңайлатылған тәртібі көзделіп отыр. Осылайша, екі мемлекет азаматтардың өз аумақ­тарын­да уақытша тіркеусіз жүрудің мерзімін 5 күн­нен 30 күнге дейін ұлғайтты.

Сенаторлардың айтуынша, хаттаманы ратификациялау және оны іске асыру барысында теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдары болмайды, сондай-ақ мемлекет бюджетінен қосымша қаржы шығындары талап етілмейді.

Кеңейтілген отырыстың қорытынды­сын­да депутаттар «2000 жылғы 7 шілде­дегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі ара­сын­­дағы Азаматтардың өзара сапар­лары­­ның шарттары туралы келісімге өз­геріс­тер енгізу туралы хаттама­ны ра­ти­фи­­кациялау туралы» заңды Палата­ның қа­рауына жіберу туралы шешім қабылдады.