• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Спорт 22 Ақпан, 2024

Париж Паралимпиадасы-2024: Әзірге 10 жолдама бар

167 рет
көрсетілді

Бүгін Париж-2024 Олимпиада және Паралимпиадаға дайындық штабы Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы мен Ұлттық Паралимпиада комитетінің өкілдерімен кездесті. Жиын барысында жеңіп алған лицензиялар саны, медальдық жоспар, спорттық форма үлгісі, оқу-жаттығу жиындары, ақпараттық қолдау көрсету және одан да басқа дайындық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz csp_ parasport.kz инстаграм парақшасына сілтеме жасап.

«Пара спортшыларымыз жыл сайын медальдық көрсеткіш бойынша жаңа жетістіктерге жетіп, ел абыройын халықаралық жарыстарда асқақтатып жүр, жетістіктеріне лайықты көңіл бөліп, ұтымды дайындығына жағдай жасауымыз керек. Осы мақсатта штаб тарапынан барынша қолдау көрсетіледі», деді штаб басшысы Елсияр Қанағатов. Айта кетсек, 17-ші жазғы Паралимпиада ойындары биыл 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Францияның бас қаласы Парижде өтеді. Жарысқа әлемнің 184 елінен 4000-нан астам спортшы қатысып, 22 спорт түрінен 549 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы қоржынында спорттың 5 түрі бойынша 10 жолдама бар (пара пауэрлифтинг - 1, пара жүзу - 3, пара таеквондо -3, пара жеңіл атлетика - 1, волейболды отырып ойнау - 1 және пара каноэ - 1 ). Жоспарда 8 спорт түрі бойынша лицензиялардың санын 26-ға дейін жеткізу міндеті тұр.