• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 23 Ақпан, 2024

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды – министрлік

168 рет
көрсетілді

Оқу-ағарту министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігі арасында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп жазады  Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

 

 

«Басты мақсат – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Біз балаларымыздың, студенттер мен мұғалімдердің өмірі мен денсаулығын қорғау үшін барлық ведомстволардың күш-жігерін біріктіруді көздеп отырмыз. Осы ынтымақтастықтың арқасында білім беру ұйымдары төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету және қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз етуде қосымша білім мен дағдыға ие болады», деді Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан.

Сондай-ақ ведомстволар білім беру қызметкерлерін қауіпсіздік техникасына оқыту және оны тарату бойынша және білім беру ұйымдарының жеке құрамының әртүрлі төтенше жағдайларға дайындығын арттыру мақсатында іс-шаралар мен жаттығуларын бірлесіп өткізуді құптады.