• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Кино 23 Ақпан, 2024

"Басымнан өткен оқиғаларды қостым": Танымал продюсер криминал фильмі туралы айтты

205 рет
көрсетілді

Танымал актриса, продюсер Баян Алагөзова “Сакура. Иц май лайф” фильмінің өз өмірімен қаншалықты байланысы бар екен айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

“Замандас” арнасына сұхбат берген өнер иесі қылмыс әлемінің серкесі, достарының арасында үлкен беделге ие жігітке тұрмысқа шыққанын есіне алды.

- Отбасылық өміріміздің немен аяқталғанын бүкіл ел жақсы біледі. Тіпті, ол оқиға ұмытылған жоқ. Фильмге кейбір басымнан өткен оқиғаларды қосқаным рас. Бірақ ол менің тұтас автобиографиялық өмірімнен алынды деген сөз емес. Фильм - фантастика емес. Ондағы барлық диалог, стиль сол заманда болған. Тіпті, театр институтында оқып жүргенде рэкет жігіттерді көретінбіз. Жатақханаға да келетін. Қолдарында сол кезде-ақ суық қару болатын. Көзімізбен көрдік, – деді актриса.

Сонымен қатар ол қылмыс әлемінің серкелері қандай болатынын да сипаттап берді.

- Олар өте мықты, білегіне сенетін жігіттер. Біздің заманымызда сондай жігіттер үлкен беделге ие еді. Оларды басқа студент жігіттермен салыстыра алмайсың. Оларда ақша да, соңғы үлгідегі киім де бар. Ең қымбат көлікпен жүрді. Ал оның бәрі біз секілді студент қыздарға таңсық еді. Олардың қолындағы заттар дүкенде сатылмайтын. Бір күні сондай “бандит” жігіттің бірі маған бір қорап шоколад әкеліп берген. Қатты таңғалдым. Ол кезде бір түйір шоколад жесең, мәз боласың. Сол моментті фильмге кіргіздім. Тіпті, жарнамадағы темекіні шегетін жігітті “ең мықты еркек” деп ойладық, – деп ағынан жарылды продюсер.