Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли Қазақстанда тыйым салынған есімдер тізімінің бар-жоғы туралы сауалға жауап қатты, деп жазады Egemen.kz.
Жалпы статистика мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстанда жылына орта есеппен 12 мың адам есімін, әкесінің атын немесе тегін өзгертеді екен.
- Бұл адамдар өз деректерін толығымен өзгертеді дегенді білдірмейді. Біз -ов, - ев, -ович, -овна жалғауларын алып тастайтын жағдайлар туралы айтып отырмыз. Кейбірі "ұлы" немесе "қызы" деп қосады және т.б. Бірақ адам өзінің толық аты-жөнін толығымен өзгертетін жағдайлар да бар. Бұған заңмен тыйым салынбаған. Өмірде әртүрлі жағдай болады. Егер адамға өз есімі ұнамаса, ол өзгерте алады, мұның өз талаптары бар, - деп қосты ол.
Ресми өкілдің сөзіне қарағанда, есімнің емлесіне қатысты ешқандай талаптар жоқ. Әр ата-ана баласының есімін қандай графикамен жазуды және қандай есім қоятынын таңдауға құқылы.
- Ал тыйым салынған есімдердің тізімі жоқ. Ата-аналар өздері таңдайды, бірақ балағат сөздер болса, онда ХҚО қызметкерлері өз баласына мұндай есім бермеуді ұсынуы мүмкін. Балаңызға қос ат қоюға болады, бірақ екі сөзден аспауы керек. Бірақ қорлау элементтері немесе келіспеушіліктер болса, 16 жаста, жеке куәлікті алған кезде органдар бұл атаудағы құжаттарды беруден бас тартуы мүмкін. Аты-жөнін өзгерту қажет болуы мүмкін, - деп түйіндеді Талғат Уәли.