• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Ақпан, 2024

Арнайы құрылғы арқылы әйнектерін қараңғылаған көліктер анықталады

226 рет
көрсетілді

Алматылық патрульдік полиция қызметкерлері пилоттық нұсқада көлік әйнектерінің тонировкасын өлшеуге арналған көліктердің әйнектерінің тонировкасы үшін жарық өткізгіштік өлшегішін (жол қозғалысы қауіпсіздігін техникалық бақылау құралы) іс жүзінде қолданып жүр, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол қауіпсіздігіне қатысты заңнамалық талаптардан сәл ғана ауытқудың салдары қайтымсыз апаттарға әкеп соқтыратыны, «жол қателікті кешірмейді» аксиомасы әсіресе жол ережесін елемейтін азаматтар үшін өзекті екені мәлім.

«Жол қозғалысына бейқам қатысушыларды анықтау мақсатында полицейлер тұрақты түрде жергілікті рейдтер және мақсатты іс-шараларды өткізеді. Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерінің жолын кесуге, оның ішінде әйнектерін қараңғылап алған көліктерді анықтауға ерекше назар аударылады. Тәртіп бұзушы дереу пленканы алып тастауға міндеттеліп, оған қатысты хаттама толтырылады», деді, ЖПҚБ мамандандырылған батальонының командирі Жәнібек Өскембаев.