• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 24 Ақпан, 2024

Танымал ақынның немересі Азия чемпионы атанды

371 рет
көрсетілді

Танымал ақын, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері Серік Ақсұңқарұлының немересі Халифат Рауанұлы Ақсұңқар жекпе-жектің грэпплинг (рингтегі күрес) түрінен Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Байрақты бәсеке Ақтөбе қаласының «Жекпе-жек сарайы» спорт кешенінде өтіп жатыр. 

Ертең қорытындыланатын құрлық бәсекесінде Халифат Ақсұңқар 66 кг салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмей, жеңіс тұғырынан көрінді. 

Спортшының бапкері – Айбар Оразалы. Сонымен қатар, оның рингтегі техникасына қызыққан бразилиялық қос бапкер Карлос Фариас пен Лукас Сильва Халифатты бірлесе жаттықтырған.

Жекпе-жектің «Кілемдегі шахмат» аталатын бұл түрі – самбо, дзюдо, еркін күрес және джиу-джитсу ережелерінің негізінде жасалған аралас бәсеке. Яғни, өте күрделі жекпе-жек. Қалай болғанда да, көпке таңсық жекпе-жек өнерінің қыр-сырын, әдіс-тәсілін жетік меңгерген Халифат Ақсұңқар қазақ халқының жауынгерлік өнердің жаужүрегі екенін Азия құрлығына мойындатты. Грэпплинг танымал спорт түрі саналатын елдердің сайыпқырандарын сан соқтырды.