Павлодар облысы әкімінің өкімімен Сейдуманов Әлнұр Серікұлы өңірлік ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлнұр Серікұлы 1987 жылы 29 сәуірде дүниеге келген. 2010 жылы Варшава университетін тәмамдады. Саясаттану магистрі дәрежесі бар.
2010-2015 жылдар аралығында Астана қаласының ішкі саясат басқармасында түрлі лауазымдарда, соның ішінде басқарма басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
2015-2016 жылдары – Астана қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары.
2016 жылдан бастап ҚР Президентінің Әкімшілігінде әртүрлі лауазымдарда еңбек етті, оның ішінде 2021 жылдан 2023 жылдар аралығында Президент Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.