• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Экономика 27 Ақпан, 2024

Жұмысты жандандыру тапсырылды

87 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысында Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин «Солтүстік-Оңтүстік» және ТХКБ көлік дәліздерін дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Ақтау порты мен Иранның солтүстік порттары арасында жүк­терді тасымалдау жолға қо­йылған «Солтүстік-Оңтүстік» ха­­­лық­аралық көлік дәлізі – ба­ла­ма­лы сауда маршруттарын да­мы­­ту тұрғысынан келешегі бар ба­ғыт. Оның шығыс тарма­ғы Маң­ғыстау облысы арқылы өтеді.

Кеңесте көлік вице-ми­нистрі Мақсат Қалиақпаров айт­қан­дай, сервисті жақсарту, жүк­тер­ді жеткізу уақытын қысқар­ту және аталған көлік дәлі­зінде «бірың­ғай терезе» қағидатымен қызмет көрсету үшін Қазақстан, Ресей және Түрікменстанның теміржол әкімшіліктері бірлес­кен кәсіпорын құруды жоспарлап отыр.

«Өткен жылдың қорытын­дысы бойынша «Солтүстік-Оңтүс­тік» дәлізі бойынша темір­жол көлігімен тасымал­данған жүктің көлемі 2,1 млн тоннаны құрады. Бұл 2022 жылдан 4%-ға артық. 2027 жылға қарай дәліздің көлік өткізу әлеуеті жылына 6 млн тоннадан 10 млн тоннаға дейін ұлғайтылатын болады», деді Мақсат Қалиақпаров.

Транскаспий халықаралық көлік бағыты (TХКБ) – Шығыс-Батыс бағыттарына маңызды балама. Оның өткізу қабілеті – 6 млн тонна. 2023 жылы тасымалдау көлемі 2,76 млн тоннаны құрады. Бұл – 2022 жылдан 65%-ға жоғары. 2024 жылдың басынан тасымалдау 274,2 мың тоннаға жетіп, өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 147%-ға арта түскен.

ТХКБ-да инфрақұрылым мен терминалдық қуаттарды жақ­сарту, порттарды кеңейту, жылжымалы құрамды ұлғайту, әкімшілік кедергілерді алып тастау және тасымалдаушылар үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мұның бәрі 2027 жылға қарай аталған көлік бағытының өткізу қабілетін жылына 10 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Ең ірі жұмыстардың қата­рын­да: «Достық – Мойын­ты» теміржол учаскесінің екінші жолдары және «Алматы» айналма теміржол желісі, Ақтау теңіз портындағы контейнерлік хаб, Құрық портындағы «Саржа» көпфункционалды терми­налын салу және екі портты тереңдету жұмыстары бар.

Сондай-ақ көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Маң­ғыстау облысының әуе және автомобиль көлігі саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады. Кеңес қорытындысында Серік Жұманғарин Маңғыстау об­лы­сының елдің көлік-ло­гис­тикалық жүйесіндегі, әсі­ресе «Солтүстік-Оңтүстік» және ТХКБ дәліздеріндегі стра­те­гия­лық рөлін атап өтті. Вице-премьер оларды кеңейту және өт­кізу қабілетін арттыру бой­ынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды жандандыруды тапсырды.