Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласындағы халықаралық әуежайдан өрт шығып, адамдар эвакуацияланғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
112-ге Астана қаласындағы халықаралық әуежайдағы терминалдың электр қалқан бөлмесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
Сыртқы белгілері бойынша - №1 және №2 терминалдар арасындағы галереядан қою түтін шыққан. Әуежайдан адамдар эвакуацияланып, өрт 08:24-те толық сөндірілді.
Қызыл жалын 10-15 шаршы метр аумақты шарпыған. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына электр кабельдерінің тұтануы себеп болуы ықтимал.
Бұл өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамының 76 адамы және 18 техникасы атсалысты. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.